Астанадағы Оқушылар сарайында есірткі «сатылып» жатыр

Мамыр 2, 2024 - 15:34
Мамыр 2, 2024 - 15:35
Астанадағы Оқушылар сарайында есірткі «сатылып» жатыр
qaz365.kz

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Серікбол Хасан жазды. Кейін оны зерттегендер сол QR-код арқылы есірткі сатылатынына көз жеткізіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайына барғанбыз. Мына QR кодты ерлер әжетханасынан түсіріп алдым. Есіктің ішкі жағына жабыстырып кетіпті. QR кодты сканерлеп көріп едім, мына хабарландыру шықты. Meow дегеніне қарағанда закладчиктердің “қолтаңбасы” секілді. Синтетика ашық сатылып жатқан сияқты ма, қалай?” – деп жазады ол.

Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті. Сілтемені басқан Qaz365.kz тілшісінің зерттеуі расында да, кодтың артында есірткі сатушылар тұрған болуы мүмкін деген күмәнді растай түседі. Ондағы пікірлерде “кладты таптық” деп, белгісіз біреулерге алғыс  жазба қалдырылған. Кейбір адам “таппадық” деп те жазады. Мұндай кері реакцияны көп адам қалдырған.

“Масқара! Ужас просто! Ссылкамен өттім. Наркотикалық заттар сатылып жатыр. 2 грамм 32 мың теңге!! Ужас куда смотрит наша полиция?!” – деп жазады Нұржан Сәдірбекұлы.
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған.

“Сіздің шағымыңыз қабылданды. Мәселені анықтаймыз”, – делінген басқарма жауабында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow