«Көбі шетелге күнкөріс үшін кетіп жатыр»: бас бапкер АҚШ-та қаза тапқан қазақ балуаны туралы пікір білдірді
Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбектің көз жұмғанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Sportbugin.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл балуанның қазасы бәрімізге ауыр тиді. Ол ұлттық құрамада болмаған. Себебі, жастайынан күресті тастап кеткен. Нәпақа табу үшін Америка асқан екен. Иә, қазір көптеген балуан шетелге күнкөріс үшін кетуде. Америкаға не үшін кетеді? Әрине, күнкөріс үшін. Марқұм балуанның бапкері де спорттан бизнес саласына ауысқан", — деді Құрамысов.
Мұхамбет Қуатбек наурыздың 16-сы АҚШ-та дүниеден озды. Қазіргі таңда спортшының денесін елге әкелу мәселесі талқыланып отыр.
"Мұхамбет балуан 16 наурызда АҚШ-та көз жұмды. Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазіргі таңда балуанның денесін елге әкелу мәселесімен елшілік айналысып жатыр", - деді журналист Данияр Кәрімжан.
Сіздің реакцияңыз қандай?