Оралда жүрген Жахан Отрағалиевтің денсаулығы сыр берді

Көк тер болып жатырмын.

Сәуір 18, 2024 - 10:39
Сәуір 18, 2024 - 10:59
Оралда жүрген Жахан Отрағалиевтің денсаулығы сыр берді
фото: видеодан скриншот

Туған жері Орал қаласына су тасқынының алдын алу үшін көмектесуге барған актер Жахан Отарғалиевтің денсаулығы сыр берді. Өнер иесі сырқаттанып қалып, үйінен ешқайда шыға алмай жатқанын айтты, деп жазды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында оқырмандарына видео үндеу жолдап, қазіргі жағдайын айтты. Жерлестеріне көмектесуге аттанған актер ауырып қалып, бүгінде үйінде жатқанын жеткізді.

"Оншақты күн болды. Жөтелім кетпейді. Өзімнен өзім терлей беремін. Біраз адамда сондай болып жатыр екен. Соның салдарынан ешқайда шыға алмай жатырмын. Үйдің жанындағы суды жайлап қарап қойып жүрмін. Басқа ешқайда шыға алмай жатырмын. Мына жөтел есімді шығарды. Не екенін түсінбей тұрмын. Көк тер болып жатырмын", - деді Жахан Отарғалиев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow