Ескі Қазақстан қайта оралды: Ералы Тоғжанов премьердің кеңесшісі болып тағайындалды
2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 2023 жылы қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.
Ералы Тоғжанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Sadaqmedia.kz ақпарат порталы үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды», - дейді инсайдер Ербол Еділов.
Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын бітірген. Мамандығы – заңгер.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
1988-2001 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры.
2001-2006 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы әділет министрлігі дін істері комитетінің төрағасы.
2008-2017 жылдары – Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, президент әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі.
2019-2020 жылдары Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарған.
2020 жылдың 11 ақпанында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 2023 жылы қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?