Журналист Асхат Ниязовтың үстінен іс қозғалды
Басылым сонымен қатар іс ProTenge мен ресурс иесі, журналист Джамиля Маричева емес, репост жасаған Али Асхат Ниязовқа қозғалғанын жеткізді.
Protenge Telegram арнасы Азаттықтағы әріптестерін қолдап жазған басылым постын бөліскені үшін Асхат Ниязовтың үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді. Басылым істің бастапқы дереккөз иесіне емес, Асхат Ниязовтың үстінен қозғалғанына таңғалысын білдіріп, әріптесіне қолдау көрсететінін жеткізді. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Protenge-де 36 журналист жұмысқа аккредитациядан өтпеген кезде "Азаттықтағы" әріптестерін қолдайтын пост жариялағанын мәлімдеді. Бұл постқа көптеген ірі Telegram арналары ондаған репост жасап, журналистер үлкен ынтымақтастық танытқан.
“Наурыз айында бұл хабарлама біздің мәдениет және ақпарат министрлігіне ұнамағаны белгілі болды. Олар мұны "қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырып, азаматтардың немесе ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіретінін жеткізді.
Пост сотқа дейінгі тергеуге жіберілген. Полиция бұл мәселені зерттеп онда қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деген қорытындыға келді. Бірақ іс мұнымен аяқталған жоқ, енді ол әкімшілік сотқа берілді және бүгін бірінші отырыс”, – делінген хабарламада.
Басылым сонымен қатар іс ProTenge мен ресурс иесі, журналист Джамиля Маричева емес, репост жасаған Али Асхат Ниязовқа қозғалғанын жеткізді.
“Бастапқы дереккөзге, яғни бізге тікелей ProTenge-ге жүгінудің орнына, құқық қорғау органдары министрліктің көңілінен шықпай қалған, журналисті таңдапты. Біз Асхатпен бірге медиа саласындағы үздік заңгерлер мен сарапшыларға жүгіндік және олармен жұмыс істейміз. Әрине, оқиғаның қалай дамитыны туралы көпшілікке айтқымыз келеді. Ал әріптесіміз Асхат Ниязовқа зор қолдау мен құрмет көрсетеміз”, – деп қосты басылым.
Сіздің реакцияңыз қандай?