Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды
30 сәуірде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, деп хабарлады ҚазТАГақпарат агенттігі.
Тұрғымбаевтың қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғаны 29 сәуір күні хабарланған еді. Ал 30 сәуірде бас прокуратура ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысының ұсталғанын растады.
Айта кетейік, Тұрғымбаев ішкі істер министрлігін 2019 жылдың ақпан айынан бастап басқарды және қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай 2022 жылдың 25 ақпанында қызметінен босатылды. Одан кейін 2022 жылдың 17 тамызына дейін алты айға жуық президенттің кеңесшісі болды. Оған дейін 2013 жылдан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ РАТС) Аймақтық антитеррорлық құрылымының кеңесшісі ретінде тіркелген.
Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазған еді. Сонымен қатар 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?