Бір топ жасөспірім оқушыны соққыға жығып, оны видеоға түсірген

Қыркүйек 11, 2024 - 14:41
Қыркүйек 11, 2024 - 14:42
Бір топ жасөспірім оқушыны соққыға жығып, оны видеоға түсірген
фото: видеодан скриншот

Елорда мектептерінің бірінде оқушыны ұрып-соғу фактісі анықталды. Оқиға 4 қыркүйекте болған. Желіде жарияланған видеодан бір топ оқушының жасөспірімді бұрышқа тақап қойып, ұрып-теуіп жатқанын байқауға болады.

Жазба авторының айтуынша, жасөспірімге күш көрсету елордадағы № 83 мектеп-гимназияда болған.

Сондай-ақ, бұзақылар басқа оқушыларға да күн көрсетпейтіні айтылған. Істің мән-жайын қалалық білім басқармасынан сұраған едік.

«Аталған жағдай 4 қыркүйекте болған. Бүгінде бұзақылардың кім екені анықталды. Мектеп басшылығы тәртіп сақшыларымен бірлесіп балалар және олардың ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен қатар оқушылардан сұрау алынып, олар мектепішілік бақылауға қойылды», — деген жауап алдық басқарманың баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow