Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады.

Маусым 14, 2024 - 17:41
Маусым 14, 2024 - 17:42
Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекті құттықтады
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Мемлекет басшысы Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.
 

"Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow