Сириядағы соғысқа аттанып бара жатқан Қазақстан азаматы ұсталды
Бұрын Қазақстанда кісі зорлап, адам өлтіргені үшін сотталған азамат Сириядағы соғысқа аттанып бара жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды sadaqmedia.
Ұлттық қауіпсіздік комитетіте шетелдің террористік орталықтарына баруды көздеген Қазақстан азаматын Алматы әуежайында ұстаған.
«Ол бұрын ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған. Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған», - деп хабарлайды ҰҚК.
Ол адам сондай-ақ террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілініп отыр. Қазір қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Сіздің реакцияңыз қандай?