«Жеңгесінің бөлмесіне кіре алмаймын деді»: Байжанов қоңырау шалған дәрігер сотта куәгер болды

Оның түсіндіруі бойынша, бұл – алкогольді интоксикация боп көрінді.

Сәуір 18, 2024 - 12:11
Сәуір 18, 2024 - 12:19
«Жеңгесінің бөлмесіне кіре алмаймын деді»: Байжанов қоңырау шалған дәрігер сотта куәгер болды
Фото: Жоғарғы сот

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотқа Байжанов Салтанаттың жағдайын көрсін деп қоңырау шалған таныс дәрігері куәгер болды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

18 сәуірдегі сот отырысында қылмысты жасырып, әрекетсіздік жасады деп айыпталған Бақытжан Байжановтың куәгері келді. Айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Бақытжан көмек сұрап, Ерсұлтанға хабарласқан.

Ерсұлтан Сәрсенбаев “Материнство детства” орталығында дәрігер болып жұмыс істейді. 2023 жылы қазанда қосымша табыс табу үшін “Бау” мейрамханасының бір бөлігін жалға алып, кальян шегетін орын ашқан екен.

9 қараша қайғылы оқиға болған кезде Байжанов оның дәрігер екенін біліп, Салтанаттың жағдайын көрсін деп хабарласыпты. 

“Мен жұмыста болғандықтан, “бара алмаймын, жедел жәрдем шақырыңдар” дедім. Қазір жекеменшік жедел жәрдем қызметі де бар, шамамен 40 мың теңге дедім. Телефонмен консультация бере алмаймын, оның түрін, халін өз көзіммен көре алмағандықтан, ештеңе айта алмаймын. Бірақ маған таңға дейін ішімдік ішті, қазір ұйықтап жатыр, оянбай жатыр, бір көзі қызарған деді. Оның түсіндіруі бойынша, бұл – алкогольді интоксикация боп көрінді”, – деді куәгер.

Ол 1 сағаттан кейін қайтадан Байжановқа қоңырау соғып, жедел жәрдем шақырған-шақырмағанын сұраған. Олар әлі шақырмағанын айтыпты.

“Жеңгесінің бөлмесіне кіре алмаймын деді. Ол бөлек кабинкада отырғанын айтты”, – деді ол.

Куәгер көп диалогтарды ұмытып қалған көрінеді. Не себепті шақырмағанын сұрағанында не айтқанын білмейді. Сондай-ақ Байжанов оған ағасы мен жеңгесі мас болғандықтан, араларында төбелес болғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow