Жедел жәрдем жүргізушілері таяқ жеп қалмас үшін спортпен шұғылдана бастады

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Қарағандыда бір адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан болатын.

Қаңтар 31, 2024 - 15:56
Қаңтар 31, 2024 - 16:01
Жедел жәрдем жүргізушілері таяқ жеп қалмас үшін спортпен шұғылдана бастады

Қарағандыдағы төбелестен кейін еліміздегі медицина қызметкерлері таяқ жеп қалмас үшін жаппай спортпен шұғылдана бастаған сыңайлы. Желіде жедел жәрдем көлігі жүргізушілерінің жұмыстан тыс уақытта бокспен айналысып жатқан видеосы тарап жатыр , деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты.

«Байқаңдар», «отырмайтын болдық» деген ұранмен тарап жатқан видеодан бірнеше жүргізушінің көлігін жедел жәрдем көлігінің жанында  бокспен айналысып жатқанын байқауға болады. Яғни бос отырмай, шынығып, қолын сермеп, спортпен шұғылданып бастаған. Бүгінде тик-ток желісін жарып жатқан бұл жазбаны Марғұлан Қожахмет деген қолданушы жариялаған. 

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Қарағандыда бір адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан болатын. Ұзаймай медициа қызметкеріне қол жұмсаған адамның  тұлғасы анықталып,  іздеу жарияланғаны белгілі. Бүгінде Нұрболат Дәкебаевтың қамауға алынған алынбағаны туралы мәлімет жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow