Елімізде көлік салығына қатысты өзгерістер болады

Премьер-министрдің айтуынша, қазір бұл мәселе пысықталып жатыр.

Сәуір 30, 2024 - 18:21
Сәуір 30, 2024 - 18:22
Елімізде көлік салығына қатысты өзгерістер болады
Фото: eaomedia.ru

Премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында көлік салығын өзгерту жоспары қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Үкімет басшысы жауапта көлік иелері көліктердің қызмет ету мерзімі мен құнына байланысты бірнеше жылдан бері жеңіл көліктерге салық салуды қайта қарау мәселесін айтып жүргенін атап өтті.

Бектенов автокөліктің шығарылған жылына байланысты салық салудың сараланған тәсілі ұсынылатынын айтты. 

"Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары бойынша төмендету коэффициенттерін белгілеу ұсынылады: шығарылған жылы 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөліктер үшін 0,7, шығарылғанына 20 жылдан астам автомобильдер үшін 0,5”, – делінген Бектенов жауабында.

Премьер-министрдің айтуынша, қазір бұл мәселе пысықталып жатыр.

"Ұсынылған тәсілдер бойынша түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін олар жаңа Салық кодексінің жобасына енеді", – деді үкімет басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow