«Жақсы сөз де айта алмаймын»: Василий Жиров Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Ол Головкиннің шақыртуын күтіп жүргенін жасырмады

Қазан 2, 2024 - 11:24
Қазан 2, 2024 - 11:52
«Жақсы сөз де айта алмаймын»: Василий Жиров Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Бокстан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Василий Жиров «Бірінші бол» Youtube-арнасына берген сұхбатында Геннадий Головкинге қатысты ойын айтты, деп жазады Sadaqmedia.kz.

Тілші одан ҰОК басшысымен қарым-қатынасы қандай екенін сұраған.

«Достық қарым-қатынастамыз. Екеуміз кездесіп, сөйлестік, бәрі жақсы. Қарым-қатынасымыз жақсы, бірақ әзірге ештеңе алға жылжыған жоқ. Жақсы сөз де, жаман сөз де айта алмаймын. Адам ретінде жақсы екені көрініп тұр. Бірақ қайда бағыт алғанымызды білмеймін», - деді ол.

Жиров өзіне ешқандай шақырту түспегенін де алға тартты.

«Шақырту түссе, осы уақытта жұмыс істеп жататын едім. Спорттық киімде келіп, «Қазір ғана залдан келдім» деп айтушы едім. Әзірге Генамен ешқандай кездесу болған жоқ. Әйтпесе қуана-қуана кездесуші едім», - деді Жиров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow