Түркістандық тұрғын екі мүгедек адамды 400 мың теңгеге сатып жіберген

Тамыз 12, 2024 - 11:22
Тамыз 12, 2024 - 12:13
Түркістандық тұрғын екі мүгедек адамды 400 мың теңгеге сатып жіберген

Түркістан облысында жергілікті тұрғын адам саудасы үшін 400 мың теңге алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүгедектігі бар екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды», - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоқтығын анықтау үшін тексеру жүріп жатыр. Қазір адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow