Нәрестелер саудасы: Шымкент пен Алматы облысында екі жас ана ұсталды

Қараша 27, 2023 - 15:56
Нәрестелер саудасы: Шымкент пен Алматы облысында екі жас ана ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Ішкі істер министрлігі құрсақтағы сәбилерін сатпақ болған екі келіншекті ұстады, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, Алматы облысында құрсақтағы баласы дүниеге келмей жатып, оны саудаға шығарған 24 жастағы әйел ұсталды. 

«24 жастағы келіншек жүктілігінің жетінші айында әлеуметтік желіге «баламды сатамын» деген хабарлама берген. Жанталасып сатып алатын адам іздей бастаған. Осылайша, ол өзі баласы жоқ бір отбасыны тауып алған. Қазан айында босанған соң отбасыға баласын сатып, ақша алған», - дейді Нұрмағамбетов. 

Қазір келіншек уақытша қамау изоляторында жатыр. Дәл осындай жағдай жуырда Шымкент қаласында да тіркелген екен.

«Полиция қызметкерлері анықтағандай, 23 жастағы келіншек қолындағы баласын сатып алатын адам іздеген. Арадағы делдал оны басқа облыста тұратын 45 жастағы әйелмен таныстырған. Қазір іске қатыстылар тұтқындалып, нәресте жетімдер үйіне табысталды», - дейді Нұрмағамбетов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow