«Әкімдерің вертолетпен жүре ме?»: белгілі әнші Ақтөбенің жолдарын көріп, құлазып қайтқан

Мамыр 30, 2024 - 15:42
Мамыр 30, 2024 - 15:47
«Әкімдерің вертолетпен жүре ме?»: белгілі әнші Ақтөбенің жолдарын көріп, құлазып қайтқан

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова Ақтөбе қаласына сапарлап барып, құлазып қайтқан. Айтуынша, қаланың шұрқ-тесік жолдары мазасын алған. Еш жүру мүмкін емес. 

“Құрметті, ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңа рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, көшедегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі Ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған?! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр”, – деп күйінді өнер иесі.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің сөзіне қолдау білдірген. 

“Дұрыс айтасыз”, “Жергілікті халық айтып, қартайды”, “Ерінбегеннің бәрі айтып жатыр”, “Ақтөбе азып-тозды, кір-кожалақ қалаға айналды”, “Батыстың бәрі сондай-ау”, – деп жазған оқырмандары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHENIS ISKAKOVA (@zhenisiskakova)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow