«Жәлепизм»: журналист ораза ұстаған жемқорларға шүйлікті

Бюджетті жымқырған жемқорлар ораза ұстап жүр.

Наурыз 13, 2024 - 10:09
Наурыз 13, 2024 - 10:31
«Жәлепизм»: журналист ораза ұстаған жемқорларға шүйлікті
фото: ummet.kz

Белгілі журналист Данияр Есен өзінің Facebook-тегі парақшасында оразаны күнәдан арылу үшін ұстайтындар туралы пікір білдірді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, мұндай жолмен ораза ұстайтындар, бюджет ақшасын жегендері үшін, күнәларынан арылуға тырысады.

"Ауру балаларға, қарттарға бөлінген ақшаны жегендер, жолға бөлінген ақшаны, бюджетті жымқырған жемқорлар ораза ұстап жүр ма сонда?, Жәлепизм", - деп жазды журналист.

Көпшілік журналисттің пікір қолдап, ойларын ортаға салды.

"Сол күналарынан арылу үшін ораза ұстайды, арасында жұмаға барады дегендей, байғұстар қайтсін енді", "Халықтың ақысын жеп, елге қиянат жасаған алаяқ, қанішерлер ораза ұстап, қажылыққа барып, қалтасы толықтар мешіт салғанын көрдім. Ойлайтын шығар тазардым деп, атасының басы Құдайдың алдында жауап береді. Қажылыққа барсаң періште сияқты тазарасың деген уағызшылардың аузын тыю керек. Солардың айтқаны қанша күнә жасап, меккеге барсаң болды, тазарасың дейді!", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow