«Қылмыстық жауапкершілікке тартылады»: Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 13, 2024 - 10:00
Наурыз 13, 2024 - 10:04
«Қылмыстық жауапкершілікке тартылады»: Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
 
Бас прокуратураның мәліметінше, экс-министр Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы кездері БАҚ беттерінде сотқа дейінгі тергеу нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланып жатыр.

«Мұндай ақпаратты таратуды сотқа нақты іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруға жол бермеу мақсатында ықпал ету нысаны ретінде қарастыруға болады. Сот қызметіне араласуға жол берілмейді және оған сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық кодексінің “жалған ақпарат тарату” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Бас прокуратура азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын заңды құрметтеу, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға және сот қызметіне кез келген түрде араласпауға шақырды.

Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып-өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев істі алқабилер сотында қарауды сұрап өтініш білдірген еді. Сот Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандырды.  Алқабилердің қатысуымен болатын негізгі сот отырысы 27 наурызда өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow