«Ауылдың бүкіл үйі құлады»: Желіде ақтөбелік тұрғынның аудиожазбасы тарады
Әлеуметтік желіде ақтөбелік тұрғынның ұлына ауылында бүтін үй қалмағанын айтып, уайым білдірген аудиожазбасы тарады.
«Ауыл кетті, түгел кетті. Үй де кетті. Көзіммен көрдім ғой, үйдің құлағанын. Дымы қалған жоқ. Опырылып су түбіне кетті. Балабақшаның төбесіне шығып, қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үйі құлады», - дейді аудио авторы.
Ұлы әкесіне «бұйырғанын көреміз», деп жұбатқан хабарлама жіберген.
Айта кету керек, Ақтөбе облысында биыл 10-нан астам өзен арнасынан асқан.
Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Үлкен Қобда, Темір, Тамды, Қауылжыр, Ор өзендері көтеріліп, ауылдарды су басқанда 5 аудан және облыс орталығы Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды.
Салдарынан 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысанды су басты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?