Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Шілде 13, 2024 - 09:53
Шілде 13, 2024 - 09:55
Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан оның 2-3 ай демалатынын айтты.

“Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз”, деді ол.

Ал ауруханадан үйге оралған Жәнібек Әлімханұлы да өзін уайымдап қалған көпшілікке, жанкүйерлеріне әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

“Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет",- деді Әлімханұлы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow