Дүйсенова Қарағандыдағы апатқа кімнің айыпты екенін айтты
Қарағандыдағы апатқа Лакшми Миттал кінәлі ме әлде Үкіметтің салғырттығы себеп болды ма? Бұл сұраққа Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты.
«Әлеуметтік желіде Лакшми Митталдың Германия мен Украинадағы компаниялары жоғары технологиямен жабдықталғаны жазылып жатыр. Бірақ, кейбір азаматтар Қарағандыдағы апатқа жаппай Митталды айыптап отыр. Бұған Миттал кінәлі ме, жоқ, әлде Үкіметтің салғырттығы себеп болды ма?» деп сұрақ қойды журналистер.
«Шахтаға қатысты стандарттың барлығы Миттал басқаратын компаияның алдына қойылған. Украинда дәл осындай жағдайлар болды. Германия және басқа да кеніштегі құрылғыларымен мен жеке танысқанмын. Енді барлық жерде керемет жасап қойды деп айта алмаймын. Соның ішінде біздің мәселеге олардың салғырттығы болған. Сондықтан да біз соңғы жылдары ол кісілерге өте қатты жұмыс орындары туралы ескерту бергенбіз. Оның ең негізгісі біздегі жұмыс инсфекциясындағы ең бірінші мәселе медициналық талдауды жасау болатын. Сондай-ақ дәл сондай құрылғыларды бізде қоюды талап етіп қойғанбыз. Соңғы 3 жылда 50 млрд бөліп, кезең-кезең бойынша біз айтқан құрылғыларды қоя бастады. Бірақ аталған компания біз айтқан талаптың бәрін орындады деп айта алмаймыз», – деді ол.
Журналист «Апатқа байланысты Үкіметтің айыбы жоқ па?» деп қайта сауал қойды.
"Үкіметтің кәнісі жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ бұл жерде компанияның кінәсі көбірек деп ойлаймын" деп жауап берді Дүйсенова.
Сіздің реакцияңыз қандай?