«Арыз жаздым»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта ауыр жарақат алды (ФОТО)

Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, дейді ол.

Тамыз 14, 2024 - 09:43
Тамыз 14, 2024 - 09:53
«Арыз жаздым»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта ауыр жарақат алды (ФОТО)
фото: әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазғанын айтты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Оның айтуынша, ұшақ жерге қонған соң, есігі ашылмай тұрып қалған сәтте жанында отырған басқа жолаушының абайсыздығынан оның бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарақаттаған.

«Бұл Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Менің, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow