Ресейде Қазақстанның екі азаматы «диверсия» айыбымен сотталды

Шілде 2, 2024 - 15:27
Шілде 2, 2024 - 15:27
Ресейде Қазақстанның екі азаматы «диверсия» айыбымен сотталды

Мәскеу қаласының соты 1 шілдеде Қазақстанның екі азаматы Александр Абрам мен Эдуард Бурдиловті "диверсия" айыбымен 13 жылға соттады, деп жазады Азаттық радиосы. 

Сот Абрам пен Бурдилов "бұл қылмыстық топпен алдын ала сөз байласып жасаған" деген. "Медиазона" сайтының жазуынша, Абрам - төрт жыл, Бурдилов бес жыл түрмеде болады, қалған жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді.

Қазақстанның екі азаматы 2023 жылы 22 маусымда ұсталған еді. Бұл істің жай-жапсары ашық айтылмады.

Сот үкіміне сай, Абрам мен Бурдилов Ресей теміржолдары (РЖД) компаниясына 387 мың теңге шығын өтеуі тиіс.

Ресей Украинаға басқыншылық соғыс бастаған соң Ресейде әскери комиссариаттарды, полиция бөлімшелерін, әкімшіліктер мен "Единая Россия" партиясының қабылдау ғимараттарын өртеу фактілері жиілеген. Елде мобилизация жарияланған соң мұндай жағдай жиілеген. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеді. Басында мұндай оқиғаларға байланысты "бұзақылық", "бөтеннің мүлкін бүлдіру" айыбымен іс қозғалған. Кейін Ресей өртеу фактілерін "диверсия" және "теракт" бабымен тергей бастады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow