Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен сарбазға қатысты зорлық-зомбылық фактісі болғанын растады

Жарақат алған сарбаз сержанттың аяусыз соққысынан кейін комаға түскен.

Шілде 12, 2024 - 16:37
Шілде 12, 2024 - 17:03
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен сарбазға қатысты зорлық-зомбылық фактісі болғанын растады

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен 19 жастағы сарбазға жасалған зорлық-зомбылық фактісін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның ресми өкілі Руслан Жанғұлин жігіттің ауруханада жатқанын айтты. Оның жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

«Қазіргі уақытта әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Әскери дәрігерлер мен басқа да мамандар оны тексеріп, барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Бүгінде оның жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ жақсару бар», – деді ол.

Руслан Жанғұлин бұл факті бойынша сержантқа қатысты тергеу басталғанын айтты.  Жангулиннің айтуынша, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған".

Айта кетейік, жарақат алған сарбаздың ата-анасы жас жігіт сержанттың аяусыз соққысынан кейін комаға түскенін мәлімдеді.

"Бүгінде әскери-тергеу органдары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған әскери қызметшіге қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған еді. Анасы Жанна Жаналина ұлы соққыға жығылған деп санайды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтқан. Нұржігіт әуелде басы айналып, жүрегі айнығанына шағым білдірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow