Қытай баспасөзі: КСРО офицерлері қазақ малшыларына «талақ» әкелді
Әлеуметтік желіде фильмге қатысты біраз сын айтылды.
Жақында қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі Шанхайдағы халықаралық кинофестивальда «Алтын кубок» иеленген болатын. Әлеуметтік желіде фильмге қатысты біраз сын айтылды. Бұған режиссердің өзі жауап берді. Осы ретте Қытай Халық Республикасындағы жеке интернет-жаңалық медиасында аталған фильмге қатысты мақала жарияланды. Авторы – www.guancha.cn веб-сайтының арнайы тілшісі Синь Чжи. Qaz365.kz осы мақаланы қаз-қалпында қазақ тілінде ұсыныпты.
Кеңес Одағы офицерлері қазақ малшыларға «талақ» әкелді
Жыл сайын өтетін халықаралық Шанхай кинофестивалін (SIIF) тағы да тамашалайтын кез келіп жетті, ал биылғы басты байқаудың бөлімінде мені қатты қызықтырғаны – бір қарағанда ерекше көзге түспейтін қазақстандық «Талақ» фильмі .
Біріншіден, бұл фильм қазақ тілінде, яғни «миноритарлық тілдегі» фильм, ал тілдің астарында мәдениет жатыр. Кино сияқты оны көретін адамдар неғұрлым аз болса, таралуы соғұрлым қиынға соғатын бұл салада, мұндай жаңа әрі жанды «бастапқы нұсқа» өте құнды көрінеді (Кино және теледидар индустриясы арқылы біз білетін Үндістан, Таяу Шығыс және Африка елдерінің көпшілігі «негізгі тіл» тұрғысынан екінші тараптан немесе тіпті үшінші тараптың өңдеуінен шыққан емес пе?).
Екіншіден, оқиғаның астарында қазақы ерекше қасиетке ие көшпелі халықтың тұрмысы, сонымен қатар 1920 жылдардағы «қарабайыр күйге» біршама жақын көшпелі малшылардың қарапайым өмірі бары анық. Бірақ фильмнің желісі – «заманауи өмірден» ажырамас «ажырасу» терминімен тығыз байланысты. Бұл оқиғадағы қақтығыс қалай туындайды және бізге жат, бейтаныс мәдениетте тағы қандай оқиғалар бар?
Шын мәнінде, «ажырасу» сөзі бүгінгі таңда Қытайда да жұртты еліктіретін белгі екені сөзсіз, әрі жыл сайынғы неке және ажырасу көрсеткіші бұқаралық ақпарат құралдарының үлкен шу шығаратын тақырыбы. Мұның астарында жатқан түпкі себеп – қоғамның қарқынды жаңғыруы барысында ерлер де, әйелдер де осы қоғамдағы өз рөлдері мен ұстанымдарын белсенді және пассивті түрде қалыптастырып жатқандығы. Бұл қалыптастыру жылдамдығы қазіргі қоғамдағы некенің дәстүрлі ұйымдық түріндегі өзгерістеріне қарағанда әлдеқайда жылдам.
Қарапайым тілмен айтқанда, бүгінгі қоғамда «заманауи жүйенің» бірқатар жетілген ережелері бар, осыған орай «дәстүрлі жүйенің» де ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзіндік ережелері бар. Әркім өз қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, осы екі жүйенің ішінен өзіне қолайлысын таңдайды. Мысалы, ер адамдар дәстүрлі жүйеде «мойынсұнуды», ал заманауи жүйеде «ақша табуды» жар таңдаудағы критерий ретінде алса, ал әйелдер, керісінше, жұбайларын сынау үшін дәстүрлі жүйеде «отбасын қолдауды» және заманауи жүйеде «отбасына қамқорлық жасауды» таңдайды. Нәтижесінде, біртұтас кемел қоғамға қарағанда қарқынды қақтығыстар мен жайсыздықтарды сөзсіз әкеледі. Түптеп келгенде, барлығы керемет, бәрі «жақсы адам» болып көрінгенімен, бірақ өмірлері реніш пен дәрменсіздікке толы болады.
«Талақ» фильміндегі дәстүрлі көшпелі өмір мен діни наным-сенімге кенеттен енген «заманауи жүйенің» өзгерісі – Кеңес Одағы. Кеңес Одағының шенеуніктері жайылымға мылтықпен баса көктеп кіріп, мұндай қайта құру күтпеген жерден және зорлық-зомбылық түрінде болды.
«Талақ» осы фильмдегі қақтығысты ашып көрсететін «өте құнды құралға» айналды. Малшылардың дәстүрлі дінінде патриархат сөзсіз үстемдік етеді, ал ерлердің некедегі мәртебесі даусыз. Атап айтқанда, ажырасу мәселесіне қатысты: ер адам қатарынан үш рет «талақ» (ажырасу) деп айтса, неке өздігінен бұзылады; ал Кеңес Одағының басшысы қолына мылтығын ұстап келіп, малшыларға енді гендерлік теңдік орнағанын, әйелдің ажырасуға еркіндігі бар екенін және егер әйел ажырасқысы келсе, некені бұзуға болатынын, содан кейін әйел кіммен бірге тұрғысы келсе, бұл өзінің еркіндігі деп жариялады... Ер адамның қалаған кезде ажырасуы тамыры тереңде жатқан дәстүр, ал әйелдің қалаған кезде ажырасуы зорлықпен бекітілген саяси дұрыстық, мәссаған, бұл жағдай күрделі емес пе?
Фильмдегі басты жұп бізге таныс көптеген дәстүрлі әдебиеттердегі үйлесімге сәйкес келеді: «қарабайыр, кедей және эмоционалды зияты төмен адал күйеу мен қарапайым өмір сүргісі келетін, бірақ сұлулығымен өзгелердің көзіне түскен әйел». Осылайша, фильмде қайшылықтар тұтанған ақылға қонымсыз сюжет туындайды. Әйелі неке теңдігін насихаттайтын қойылымда әйел рөлін сомдаған «қара бет» күйеуін ұнатпай, сөйтіп екеуі жанжалдасып қалады. Ер адамның көңіл-күй көтеріліп, бәлкім күндізгі қойылымның әсер еткенінен болар, «талақ» (ажырасамын) деп айқайлады. Содан кейін бәрі абдырап, әйелдің ашуланғаны сонша – түні бойы күйеуімен сөйлеспейді.
«Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керіс бір түннен аспайды» дегендей, біздің үйреншікті ойымызша, ерлі-зайыптылар ашу үстінде айтқан сөздерін байыппен қабылдаса, ертесіне екеуі де не істеу керектігін білер еді. Бірақ, келесі күні әйелдің бұл туралы ұмытып кетерін, ал кертартпа еркектің сотқарланып, «талақ» деп айттым, енді ажыраспасам болмайды деп ойларын кім білген. Әйел оған ақымақтық жасама, біз әлі де ерлі-зайыптымыз дейді. Бірақ ер адамдар не істеу керек деп ауылдың түкпір-түкпірінен «ақыл беретін ағаларын» іздейді. Осылайша үйде шешілетін іс бәріне мәлім болады. Ер адам өз шешімін қабылдап, «мен үйленетін әйел табамын, содан кейін саған үйленетін еркек табамын, егер бір уақытта ажырассақ, діни ережелерді бұзбай, үйлену тойын қайтадан бірге өткізе аламыз...» , – деп жоспарлайды. «Молда үш рет айтсаң ғана іске асады деген. Мен бір рет ғана «талақ» деп айттым, некем бұзылмайтын шығар», – деп ойлап отырған кезде, есік алдына әйелін айттырмақ болып біреу келіп, «көрші ауылдың байбатшасы сені ұнатып қалыпты, күйеуің бәрібір сенімен ажырасқалы жатыр, енді басың бос, бұл жерден тез кетіп жақсы өмір сүр», – дейді.
Фильмнің соңында автор бұл некенің қасіретіне ерік-жігерін көрсетпей, «тақыр кедей күйеуін» тастап кеткен әйелді көбірек кінәлі деп санап, оны байбатшаның тастап, азап пен өкінішпен өлуін ұйымдастырды. Ал адал күйеу болса, қалың қар астында әйелін арқалап үйіне апарып, балаларын соңғы рет көрсетеді. Әрине, фильмнің соңында сюжетті аздап болса да жұбататын «даулы мәселелер түйінін» қалдырады – бұл қызының дұғасы. Фильмдегі алғашқы екі дұғасы орындалғандықтан, бұл жолы ол Алладан анасын аман алып қалуды тіледі.
Әлбетте, бұл ажырасудан туындаған қайғылы оқиғаның астарында режиссердің «заманауи жүйеге» кенеттен енуін сынауы жатқаны анық және бұл сынның найзасы бүкіл фильмде бар символдық Кеңес Одағына бағытталған. Биліктің өкілі болған кеңестік шенеуніктердің фильмде фашистік дерлік бейнесі бар – әскери пальто, тіс щеткасы, қырынан бөлінген майлы шаштары, тек дөрекі бұйрықпен және ауыл тұрғындарын қорқыту үшін әр қадамда мылтықпен атқылауы. Егер фильмде бейнеленген 1920 жылдарға оралсақ, сол кездегі Кеңес Одағының басшылары бір ғасырдан кейін аймақтық елдердегі өнер қайраткерлерінің көз алдында дәл осындай бейнеде көрінетінін білсе, қалай сезінер еді деп ойлаймын. Билік тек мына аңқау малшыларға ғана қаталдық танытты: «Сендерге Кеңес Одағы бостандық берді, неге шүкіршілік етпейсіндер, бұйрыққа бағынбауға қалай дәтін барады?» , – дейтін болды.
Шенеуніктер үлкен қызыл матаны әкеліп, оны ұранға немесе қызыл туға айналдырып, ауыл ішіне іліп қоюын «сәтті төңкеріс» деп бағалады. Бұл кезіндегі А-Кью (қысқартып алған адам аты) округ губернаторының кеңсесінен бірнеше жабынқышты таңдап алып, «жалған Янгуйцзы» (Цин династиясының соңынан бері еуропалықтар, американдықтар және жапондықтар сияқты шетелдіктерге қатысты қолданатын қорлайтын терминдер) болып «Юшидан» партиясына қосылғаны сияқты аздаған реңк береді. Соңғы нәтиже туралы не деуге болады, фильмде әйелдің тұрмысқа шығу еркіндігі байдың тоқал алу еркіндігіне айналады, ал қызыл туды тігетін қызыл мата ауыл әйелінің қызыл іш киіміне айналады... Фильмнің соңғы көрінісінде бұл ауыл әйелдерін қалың қарда сүйреп жүреді. Алыс емес жерде байбатшаның тастап кеткен тоқалы – «талақ бостандығына» алданып, күйеуін тастап кеткен әйел ретінде дүниеден шексіз өкінішпен өтеді.
Бұл бейнелерде Кеңес Одағы сыртқы келбетінен мінез-құлқына дейін жауызға айналып, Қазақстан сияқты бұрынғы кеңестік елдердің күрделі тарихи сезімдерін көрсетеді. Олар үшін Кеңес Одағы өзгерістер мен өркендеу әкелді, бірақ сонымен бірге патриархат пен авторитаризмді, жеңілдіктер мен құрбандықтарға сан соқтырды. Кеңес Одағын осылай суреттейтін қазақ фильмін көріп, кинотеатрда бір күрсіндім.
«Талақ» фильмінің объективті тілі өте қарапайым және ешбір қоспасыз. Бұл фильмнің режиссері әрдайым ана тілінде фильм өзінің түсіруді талап етіп, сондай-ақ фильмнің «тәрбиелік» әсері бар деп санайды. Бірдей жайлау, махаббат пен неке, қазақ ұлты – бізге Қытайда соңғы кездері өте танымал болған «Менің Алтайым» шағын сериалын еске түсіреді. Бұл жерде де дәстүрлі және заманауи өмір салты арасындағы қайшылықтардан туындайтын азап болса да, «Менің Алтайым» шағын сериалындағы жасыл таулар мен өзендердің әсемдігі, ат үстіндегі сымбатты жігіт, өнерге құштар жастардың сезімдері «Талақ» фильмінде жоқ. Режиссер объективіндегі қазақтарда жасыл желегі де, түрлі-түсті бояуы да, әдебиеті мен өнері де, романтикалық сезімдері де жоқ.
Осы фильмді көргеннен кейін кенет ойыма біртүрлі ой келді: бейтаныс және оғаш дәстүрлі әдет-ғұрыптар, қаналушылық пен көшпелі халық өмірінің үлгісі, құрбан болған әйелдердің трагедиясы және патриархат пен құқықтар тақырыбын келемеждеу мен сынау, бұлардың барлығы маған ондаған жылдар бұрынғы «Raise The Red Lantern», «To Live», «Farewell My Concubine», «Ju Dou» сияқты фильмдерді еске түсіреді, бірақ Қытай фильмдері қазір осы кезеңнен өтіп, әлемдік сахнаға мүлде жаңаша шығып жатыр.
Халықаралық Шанхай кинофестивалінің ресми тұсаукесерінде бұл фильмді былай сипаттайды: Бақытты неке әрқашан бір-біріне ұқсас, бірақ ажырасудың себебі әртүрлі. Барлық өркениеттер дәстүр мен қазіргі заманның бетпе-бет соқтығысуына тап болып, ер мен әйелдердің бет-ауызы көгеріп, жарақаттанып жатқан осы дәуірде, бұл қақтығыстың микроскобы ретінде «Талақ» фильмі әрине, әдебиет пен өнерде әрқашан өзекті тақырыбы болмақ және «ажырасудың әртүрлілігін қорғау» да өте маңызды.
Суреттер сөйлейді:
1. 电影《离婚》官方海报(图片来源:豆瓣)
«Талақ» фильмінің ресми афишасы (сурет «Доубань» сайтынан алынған)
2. 《离婚》剧照(图片来源:上海电影节官网)
«Талақ» фильміндегі көрініс (сурет Шанхай кинофестивалінің ресми сайтынан алынған)
3. 电影《离婚》剧照(图片来源:豆瓣)
«Талақ» фильміндегі көрініс (сурет «Доубань» сайтынан алынған)
4. 《大红灯笼高高挂》剧照
«Raise The Red Lantern» фильміндегі көрініс
Сіздің реакцияңыз қандай?