Төрт адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Шағын автобус аударылып кетті.

Маусым 12, 2024 - 14:20
Маусым 12, 2024 - 14:47
Төрт адам қаза тапты: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды
фото: видеодан скриншот

Алматы-Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып, салдарынан төрт адам мерт болды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, адам шығынына әкелген жол апаты 12 маусым күні Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 105-ші шақырымында болды.

Toyota Hiace жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. 

«Салдарынан төрт адам сол жерде көз жұмды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаментінен

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow