Украинада қастандыққа ұшыраған журналист Айдос Садық көз жұмды
Бұған дейін журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді.
Қазақстандық оппозиционер, “Бәсе” арнасының негізін салушы Айдос Садық қайтыс болды, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оған 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 маусым сағат 3-те ол жан тапсырды.
“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып нәрсе болмады”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.
Сіздің реакцияңыз қандай?