Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Cпорттың 9 түрінен 33 спортшымыз сынға түседі.

Тамыз 29, 2024 - 09:31
Тамыз 29, 2024 - 09:31
Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Фото: Elsa/Getty Images

Қазақстан құрамасы Франция астанасы Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты шара кезінде 168 делагацияның өкілдері Елисейден Келісім алаңына дейін шеру жасап өтті. Бұл шеруге Қазақстан құрамасы да қатысты.

Көк байрағымызды пара оқ атудан ұлттық құрама мүшесі Севда Алиева мен отырып ойнайтын волейболдан ел намысын қорғайтын Берік Ізмағанбетов алып шықты. Алиева Қазақстан чемпионы болса, Ізмағанбетов Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы. 

Айта кетейік, 8 қыркүйекке дейін болатын Паралимпиада ойындарына қазақстандық 44 спортшы қатысады. Олар спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алған еді. Жалпы, 1996 жылдан бүгінге дейін қазақстандық спортшылар жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль иеленген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow