Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды
Сағат белдеуіне байланысты петицияға 50 000 адам қол қойды. Тұрғындар сағаттың теңестірілуі биоритмге, жұмыс кестесіне, оқуға және демалуға кедергі келтіреді деп шағымданған. Қол қойғандар жаңа өзгеріс адамдардың жұмыс қабілетіне кері әсерін тигізеді деп санайды.
Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді.
«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажетті қол жинады. Яғни сағат белдеуіне байланысты петицияға 50 000 адам қол қойды. Тұрғындар сағаттың теңестірілуі биоритмге, жұмыс кестесіне, оқуға және демалуға кедергі келтіреді деп шағымданған. Қол қойғандар жаңа өзгеріс адамдардың жұмыс қабілетіне кері әсерін тигізеді деп санайды.
ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады.
«ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады», – делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?