«Әлемнің 70 елінде мүлкі бар»: Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінің мүлкі әшкере болды

93 адамның 21 елде 161 зияткерлік меншік нысаны бар болып шықты.

Маусым 10, 2024 - 14:59
Маусым 10, 2024 - 15:34
«Әлемнің 70 елінде мүлкі бар»: Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінің мүлкі әшкере болды
Фото: Pixabay

Қазақстандық шенеуніктер мен олардың әйелдерінде әлемнің 70 елінде мүлкі бар. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды.

Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен олардың әйелдері берген. Оның ішінде, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де бар, деп жазады Dalanews.

Декларация тапсырғандардың ішінде 1 170 жеке тұлғаның 83 елдегі шетелдік банктерде шоттары бар. Ең көбі Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы, Түркиядағы банктерде тіркелген. 71 елде 2 976 жеке тұлғаның 3 959 жылжымайтын мүлігі бар. Ең көбі Ресейде, Түркияда және Болгарияда тіркелген. 67 елде 1 421 жеке тұлғаның 1 657 көлігі бар. Ең көбі – Ресейде, Арменияда және Жапонияда.

 Сонымен қатар, 93 адамның 21 елде 161 зияткерлік меншік нысаны бар болып шықты. Айта кетейік, бұл тек ресми декларациядағы деректер. Мемлекеттік қызметкерлердің мүліктері әйелінен бөлек, өзге туыстарына да жазылған болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow