Ақтауда сауда орталығындағы эскалатор кішкентай баланың саусағын жұлып кетті

Бала саусағының жартысынан айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Наурыз 4, 2024 - 09:29
Наурыз 4, 2024 - 09:34
Ақтауда сауда орталығындағы эскалатор кішкентай баланың саусағын жұлып кетті

Сауда орталығында жарақат алған 7 жастағы қыз Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр. 

Lada.kz басылымының хабарлауынша, оқыс оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. 

“Жеті жастағы қыз жаратқат алып, Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түсті. Бала саусағының жартысынан айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту курсын өтіп жатыр. Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте”, – деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow