«Түсімде аян берді» деп бір келіншек әкеліп берген дәріден кейін аяққа тұрдым» - Жүрсін Ерман

Екі-үш жылдан бері ауырып, арбаға таңылып едім. Қазір ептеп аяққа тұрдым.

Ақпан 12, 2024 - 16:36
Ақпан 12, 2024 - 16:38
«Түсімде аян берді» деп бір келіншек әкеліп берген дәріден кейін аяққа тұрдым» - Жүрсін Ерман

Танымал ақын, айтыс өнерінің жанашыры, “Отан” орденінің иегері Жүрсін Ерман 73 жасқа толды. Туған күн иесі мүшелжастың қиындығын айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ, ұзақ уақыттан бері төсек тартып, сырқаттанып қалған ақын денсаулығы туралы сөз қозғаған. Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, бүгінде ақынның беті бері қарап, дертінен айыққан.

"Қазақтың мүшел дейтін ырымы бар ғой, маған сол айнымай келеді де тұрады. 13 жасымда не болғанын білмеймін, бірақ 25 жасымда бір қойшының үйінде аттың үстінде отырған жерімнен құтырған ит қапты. 37 мүшелімде қолымды сындырып алдым, 49 мүшелімде шешемді алып кетті. 61 жасымда ауру айналдыра бастады. Осыдан аман-есен шығып кетсем, тағы біраз жүре тұратын шығармын деп ойлаймын. Туған күнде уайым басады, өмір заулап өтіп бара жатыр ғой. Туған күн тойлайтын бала емеспін, отбасылық мереке. Жан-жақтан келіндерім, туыстарым келіп, құттықтап жатыр. Екі-үш жылдан бері ауырып, арбаға таңылып едім. Қазір ептеп аяққа тұрдым. Соған қуанып жатыр”, – дейді өнер иесі.

Ақынның айтуынша, халықтың тілегі қабыл болып, дертінен айыға бастаған. Сырқатына ем болған дәріні бір келіншек “түсімде аян берді” деп әкеліп берген көрінеді.

“Астана мен Алматыдан бөлек шетелде де ем алдым. Оны халық жақсы біліп отыр. Бір қызығы Алматының іргесінде күріштің қауызынан капсула жасайтын зауыт бар екен. Қарақат деген директоры тоғыз жылдан бері осы дәріні жасап шығарады. Бір күні маған хабарласып, “Түсімде мына дәріңді Жүрсін Ерманға апарып бер” деп айтты дейді. Маған әкеліп берді. Соны ішкелі қан қысымым түсіп, қан құрамынан қант азайып, аяғымды басып қалдым. Алысқа бара алмасам да, таяғыма сүйеніп, ептеп жүремін. Бір жағы ойлаймын, қаншама адам маған тілекші боп, саулығымды сұрап жатыр. Соның да бір әсері болған шығар”, – деп ағынан жарылды ақын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow