Ел билігі киік ату жұмыстарын тоқтатты

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу мәселесіне нүкте қойылған.

Ақпан 12, 2024 - 17:56
Ақпан 12, 2024 - 17:59
Ел билігі киік ату жұмыстарын тоқтатты

Ел билігі киік ату жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу мәселесіне нүкте қойылған.

«Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады», – дейді Нысанбаев.

Алайда министр келесі жылы бөкендердің санын реттеуді қайта басталуы мүмкін  жоққа шығармады. Өйткені, киік популяциясының көбею қаупі әлі де бар.

«Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият, егжей-тегжейлі санақ жасалады. Болжам бойынша 40 пайызға өсті деп айта аламын. Былтыр киік 2,5-2,6 миллионға көбейді. Ал биыл ол аз төлдейді дегеннің өзінде, 700-750 мың болады деп отырмыз, – деді Ерлан Нысанбаев.

Еске сала кетсек, былтыр күзде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Ауыл шаруашылығына зиян тигізіп жатыр» деген желеумен киіктің санын азайту үшін атуға рұқсат берген болатын.

2023 жылғы мамырдағы дерек бойынша, Қазақстанда киік саны 1,9 миллионға жеткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow