Мақсат Толықбай жанды дауыста ән салып, көрермендерді аяғынан тік тұрғызды

Депутат болып қор болып жүрсің ғой мына дауыспен!

Ақпан 12, 2024 - 15:41
Ақпан 12, 2024 - 16:42
Мақсат Толықбай жанды дауыста ән салып, көрермендерді аяғынан тік тұрғызды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыда «Абайлаңыздар» атты поэзиялық-ән кешін өткізген еді. Сол кешке барғандар Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың орындаған әнін айтып, тамсанып жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ұзамай желіде Мақсат Толықбайтың Зайытовтың шығармашылық кешінде ерекше дауысымен көрерменнің көзайымы болып тұрған сәті бейнеленген виделор да шығы бастады. Ринат Зайытов залда отырған әріптестерінің арасында ән айтатындары да, өлең шығаратындары да бар екенін айтып, Мақсат Толықбайды сахна төріне шақырады. Сахнаға шыққан Толықбай мырза келген қонақтарға жанды дауысты ән шырқап береді.

Желі қолданушылары депутаттың ерекше дауысына тамсанып, таңқалыстарын білдірген.

«Жарайсың, дауысың керемет», «Не деген дауыс, әншілер өшті», «Керемет жанды дауыс. Сіздің алдыңызда Төреғали, Қайрат демалады ғой», «ХХІ ғасырдағы Алаштың ардақтылары. Қазақтың қамы үшін аянбай еңбек ете беріңіздер!», «Ой Мәке, депутат болып, қор болып жүрсің ғой мына дауыспен», «Ғанибет қой дауысы», «Керемет!», деп жазған желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mahat Torali (@mahat_torali)

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow