Түркістан облысында полиция қызметкерлерін қудалау өршіп тұр

Сапарбаев Жанболат басшысының өзіне неге мұншалық өштескенін арадағы адамдар арқылы сұрағанда "бұл - генерал М. Қабденовтың тапсырмасы" деген жауап алады.

Мамыр 9, 2024 - 11:34
Мамыр 9, 2024 - 11:47
Түркістан облысында полиция қызметкерлерін қудалау өршіп тұр
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысында қызметін асыра пайдаланып, қарамағындағыларын қудалау тыйылмай тұр. Оған дәлел редакциямызға араша сұрап жазған инспектор Сапарбаев Жанболаттың оқиғасы.

Сапарбаев Жанболаттың айтуынша, Түркістан облысы, Келес Ауданы, полиция басшысы лауазымына уақытша келген Мұрат Әбілханұлы қызметін асыра пайдаланып, полиция қызметкерлеріне себепсіз тиісуді күшейткен. Бүгінде табиғатты қорғау инспекторы Сапарбаев Жанболат жоғарыда атап өткен басшысынан теперіш көріп отыр екен.

Сапарбаев Жанболтты 24.04.2024 ж. күні таңғы сағат 07:12 шамасында себепсіз және заңсыз, өз әріптестерінің алдында ұятты қылып, "қызмет уақтында ішімдік іштің" деген желеуме медициналық сараптамаға апарған. Табиғатты қорғау инспекторы Сапарбаев Жанболат басшысының айтқанына көніп медициналық сараптамадан өтеді. Алайда тексеріс қорытындысы бойынша ішімдік ішпегені дәлелденген. 

Бірақ Келестік уақытша полиция басшысы Мұрат Әбілханұлы мұнымен тоқтамай қан тапсыруға мәжбүрлеген. Табиғатты қорғау инспекторы Сапарбаев Жанболат бұл қысымнан соң өзін қорғау мақсатында видео түсірген. Бұл жағдайдан соң Сапарбаев Жанболаттың, оның анасының және отбасының денсаулықтары сыр беріп, психологиялық тұрғыда ауыр соққы алады. Өйткені анасы жақында теледидардан Түркістан Облысы, Ордабасы ауданының полиция басшысының қысымына шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған қызметкерді көрген екен. Осындай себепсіз қудалаудан, қысымнан соң анасы, балам өзіне бір нәрсе қылып қоймаса екен, деп уайымдайды. 

Сапарбаев Жанболат басшысының өзіне неге мұншалық өштескенін арадағы адамдар арқылы сұрағанда "бұл - генерал М. Қабденовтың тапсырмасы" деген жауап алады. Өз өміріне, қызметіне қауіп төнген Сапарбаев Жанболат жауапты мекемелерден көмек сұрайды. Қазіргі таңда барлық құжаттарын жинап Түркістан облысына қарасты комиссияға өткізген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Соңғы хат жазып, бастығын кінәлаған»: Түркістанда өзіне қол салған полицейдің туыстары жанайқайын жеткізді

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow