Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады

Айта кету керек, былтыр қазан айында LRT аумағында кран көлікке құлаған еді.

Мамыр 9, 2024 - 16:13
Мамыр 9, 2024 - 16:14
Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады
Фото: Aibek Imankozhoyev

"Астана LRT" желісінің құрылысы кезінде тағы да көтергіш кран құлады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.    

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Оқиға Есіл ауданында "Жыл мезгілдері" тұрғын үй кешені жанындағы Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. 

ZOOMLION автокөлік краны China Railway Asia-Europe Construction Investment-ке тиесілі. Апаттың алдын-ала себебі – шамадан артық жүктеме. 

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, былтыр қазан айында LRT аумағында кран көлікке құлаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow