«Травма» дегенді 40 жасқа келгенде психологтан естідім»: Сәкен Майғазиев ақсақалдар академиясын қайта жаңғыртуды ұсынды

Тамыз 2, 2024 - 16:42
Тамыз 2, 2024 - 16:03
«Травма» дегенді 40 жасқа келгенде психологтан естідім»:  Сәкен Майғазиев ақсақалдар академиясын қайта жаңғыртуды ұсынды

Сәкен Майғазиев желіде бір немересін ұрып, екіншісін тербетіп отырған әженің видеосын өз парақшасына салып,  оған қатысты жеке көзқарасын білдірді. Өнер иесі балалық шағынан сыр шертіп, өзі де кезінде ата-әжесінің еркесі болғанын жасырмады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Әжеңнің түйіп қалғаны мен атаңның нұқып қалғаны, анаңның айқайы мен әкеңнің ашулы көзқарасы майдай жағатын кездер-ай! Мына бейнебаяннан махаббатты, шынайылықты, тәрбиені, тазалықты, жанашырлықты көрдім. «Жасөспірім жарақаты» (Детская травма) дегенді қырық жасыма келгенде психологтан естідім» деген екен бір кісі. Психологиялық жарақат алмай-ақ, мұғалімдерден (апай, ағай), аға, әпкелерімізден таяқ жеп өстік қой. Ақсақалдар академиясы, отбасы институты, жазылмаған дала заңы, асыл дінімізбен астасып, сабақтасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарды қайтару арқылы ұлт болып қаламыз деп ойлаймын. Мына көріністің соңында бесіктегі балапанның әжесінің қолын сүйгені ерекше әсер етті. Қатты сүйсіндім. Міне, нағыз махаббат! Әр әулетте атаның берген бұйрығы, әженің айтқан ақылы шеру құрсын! Жұма мүбәрак, жақсыларым!», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып жатыр. Бірі әжесінің қатал мінезін сөз етсе, екіншісі баланы ұрып тәрбиелеу керек деген пікір айтады.

«Бір қолымен бесік тербетіп,бір қолымен білім үйрететін әжелеріміз көбейе берсін», «Немересін ұрғанын қабылдай алмаймын», «Қатал әже екен», «Балаларды ұрмасаң, айтқанын істетіп кетеді», «Бәрі шынайы екен», – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow