Әлеуметтік желінің әсері: Талдықорғанда "сүйіктісінің" кеңірдегін кескен ер адам ұсталды

Қараша 3, 2023 - 12:04
Қараша 10, 2023 - 00:45

Талдықорғанда 27 жастағы келіншекті сауда орталығында соққыға жығып, кеңірдегінен пышақтап кеткен ер адам полицияның қолына түсті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Бұған дейін "Орда" сайтына сілтеме жасай отырып хабарлағанымыздай, 27 қазан күні Талдықорған қаласында ер адам 28 жастағы Адина Қуанбекқызына тап беріп, оның кеңірдегін пышақтап кеткен болатын. 

Адина Қуанбекқызы полицияға арызданғанмен, "кеңседе пайдаланатын пышақ суық қаруға жатпайды" деген Талдықорғанның полиция басқармасы тек "бұзақылық" бабымен іс қозғаған еді. 

Бұл оқиға әлеуметтік желіде резонанс тудырған соң, жергілікті полиция істі басқа бапқа теңеп, күдіктіні қолға түсірген. 

"Талдықорған полицейлері қызға кеңсе пышағымен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Жәбірленушінің 35 жастағы танысы қазіргі уақытта полицияға жеткізілді. Тергеуші істі ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта дәрежелеп, прокурормен келісілді. Тергеуді облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды", - деп хабарлады polisia.kz сайты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow