«Құда болмаған қай ел қалды»: Желіде Кореядан келген құдалар қызу талқыға түсті

Тамыз 14, 2024 - 11:57
Тамыз 14, 2024 - 12:17
«Құда болмаған қай ел қалды»: Желіде Кореядан келген құдалар қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Кореядан келген құдалардың видеосы тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1800-ден астам пікір жазылған. Қаралым саны 1 миллионнан асып кеткен.

«Кореямен құда болып жатырмыз. Ханзада Жумонгтың ұрпақтары»,  деп жазды автор.

Ал, оқырмандар болса, екі елдегі той ерекшелігін айтып, түрлі пікір қалдырған.

«Кореяда той жарты сағат болады, біздегі 6 сағат тойды көріп таңғалған шығар», «көп адамды көріп, шошыған болар», «өте мәдениетті халық», «кореялықтар да әйелінің айтқанымен жүреді екен ғой», «құда болмаған ел қалмады-ау», «той біткенше әрең отырған шығар» деп жазған желі қолданушылары.

@balausa_4566

♬ оригинальный звук - balausa

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow