«Спортшы емес, киллер жіберген бе»: Желіде Париж Олимпиадасына қатысқан түркиялық 51 жастағы спортшы талқыға түсті

Тамыз 2, 2024 - 16:10
Тамыз 2, 2024 - 16:09
«Спортшы емес, киллер жіберген бе»: Желіде Париж Олимпиадасына қатысқан түркиялық 51 жастағы спортшы талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Олимпиадаға арнайы киім, құралсыз қатысқан түркиялық 51 жастағы атқыш Юсуф Дикеч қызу талқыға түсті, деп жазады Sadaqmedia.kz.

Ол 24 жастағы Севвал Тарханмен бірге пневматикалық тапаншадан 10 метр қашықтықта атудан күміс медаль жеңіп алған.  Ерекшелігі, Дикеч шуды болдырмайтын құлаққап пен арнайы көзілдірік тақпаған. Оның үстіне ату кезінде бір қолын қалтаға салып тұрған.

Көбісі Юсуфты өзіне назар аудармас үшін алтын емес, күміс жеңіп алған кәсіпқой “киллер” деп әзілдеді. Сондай-ақ “Түркия спортшыға шашылғысы келмей, орнына киллерді жібере салған шығар” деген секілді әзіл пікірлер жазылып жатыр. 

Бұл – Дикечтің Олимпиададағы алғашқы жүлдесі. Спортшы 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бес ойынның барлығында өнер көрсетті.

Сонымен қатар түркиялық спортшымен қатар оңтүстіккореялық Ким Е Джи де жұлдызға айналды. 

Оның арнайы агенттер туралы фильмдердегі басты кейіпкерге ұқсайтыны туралы пікірлер болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow