«Трамп АҚШ-тың соңғы президенті болады»: Желіде Айсұлтан Рахаттың жазбасы тарады

Айтуынша, Трамп екінші рет сайланады.

Шілде 22, 2024 - 17:18
Шілде 22, 2024 - 17:50
«Трамп АҚШ-тың соңғы президенті болады»: Желіде Айсұлтан Рахаттың жазбасы тарады
фото: әлеуметтік желіден

Желіде Дариға Назарбаеваның ұлы, "Елбасының сүйікті жиені" Айсұлтан Рахаттың АҚШ-та биыл өтетін президенттік сайлау туралы айтқан Facebook-тегі жазбасы тарады, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz. 

Айсұлтан Рахат 2024 жылы Дональд Трамп екінші мәрте АҚШ-тың президенті болып сайланатынын жазған.

«Бұл жалғыз Құдайдың АҚШ-та істеп жатқан жұмысы және араб көктеміндегі төңкерістерге әділдік пен карманың қайтарылуы тағы бар! Өйткені, Ирак, Ливия, Египет, Тунис және т.б. елдерді басып алған кезде қаншама қарапайым адамдар өлді!

АҚШ-та болған барлық оқиғадан кейін аузыңызды ашып қаласыз. Трамп екінші рет сайланады және АҚШ-та демократия жоқ екендігі туралы шындықтың беті ашылады! Онда бәрін ақша шешеді! Олар демократияның иллюзиясын жасайды. Сондай-ақ сол иллюзияны әлі де бүкіл әлемге таңуға тырысуда! Трамп АҚШ тарихындағы соңғы президент болады! Антихрист 2024 жылы АҚШ-ты жаулап алады! Ұлы держава гүрілдеп құлағандай, бәрі де құлайды!», деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow