Балаларға төлқұжат жасау құны екі есе арзандады

Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні.

Қаңтар 19, 2024 - 09:36
Балаларға төлқұжат жасау құны екі есе арзандады
Egov.kz

Биылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балаға төлқұжат дайындау үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшері өзгерді. Егер бұрын балалар төлқұжатының құны 8 АЕК-ті құраса, қазір екі есе аз төлейді. Енді оны дайындау үшін ата-аналар 4 АЕК немесе 14 768 теңге төлейді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

Балаларға арналған төлқұжатты кез келген жаста алуға болады. Бұл құжатты рәсімдеу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін, ата-анасының бірінің жеке куәлігін және баж салығын төлеу туралы түбіртекті ұсыну керек болады. 

Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow