Теңізшевройл компаниясы суға кеткен Жылыой ауданына өтеусіз көмек көрсетуде

Барлық сұрақтар мен қажетті техниканың тізімі бойынша Нұрадин Өмірбаевқа 8701 7776674 хабарласуға болады.

Сәуір 6, 2024 - 03:32
Сәуір 6, 2024 - 03:34
Теңізшевройл компаниясы суға кеткен Жылыой ауданына өтеусіз көмек көрсетуде
Иллюстрация: tengrinews.kz

Теңізшевройл компаниясы бизнес-серіктестерімен бірге тасқын суға кеткен Жылыой ауданына өтеусіз көмек көрсетуде, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты компания мен серіктестері арнайы техника, соның ішінде, самосвалдар, жүк тиегіштер, ассенизаторлар, экскаваторлар, бульдозерлер, дизельді сорғы станцияларын, күректер, қапшықтар, қолғаптар мен басқа да қажетті жабдықтарды, құралдарды жеткізуде. Сонымен қатар жанар-жағармайдың қажетті көлемі мен жабдықтарға алдағы екі апта бойы қызмет көрсететін қызметкерлер ауданда жұмыс істейді.

ТШО басқа да бизнес-серіктестерінен қазіргі қиын жағдайда тыс қалмауларын өтінуде. Барлық сұрақтар мен қажетті техниканың тізімі бойынша Нұрадин Өмірбаевқа 8701 7776674 хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow