Құлсарыда 2500-дей үй су астында қалды
Тұрғындар Құлсарыдағы ту тасқынына Қайыржан Балжігітовті кінәлап отыр.
Құлсарыдағы жағдай өте күрделеніп барады. Төтеншеліктердің мәліметіне сенсек, 2500-ге жуық жеке тұрғын үйді су басқан. Осыған байланысты Құлсарыға Ақтау мен Атыраудан қосымша күш шақыртылған, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Қазірге дейін 4 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Олардың мыңнан астамы балалар. Ағын судың өту қарқынын еселеу үшін Жем өзенінде жару жұмыстары жүргізілуде",- деп хабарплады ТЖ баспасөз қызметі.
Құлсарыдағы су тасқынына тұрғындар Балжігітіов Қайыржан деген адамды кінәлап жатыр.
Айтуларынша, ол өзінің қара басының яғни шаруашылығынының қамы үшін еріген қар суының жолын бөгеп жауып алған. Жұрт шулап, әкім келеді дегенді естіген тсоң ғана тоғанды ашып, су жіберген. Бірақ кейін қайтадан жауып алған.
"Қайыржан бұлай жасамағанда су өз жолымен далаға жайылып кетер еді. Осының салдарынан қаланы су басып қалды. Суды о баста ашып тастағанда, мал-жанымызды аман алып қалар едік. Соның кесірінен ел суға кетіп жатыр, отбасы суға кетіп жатыр. Мынау енді өзінің туған ауылына қастандық ойлаған адамның тірлігі. Судың бетін қайтару үшін осы Балжігітовтің тоғанын бұзу керек", - дейді ауыл тұрғындары.
Бүгінде тұрғындар тоғанды өз күштерімен бұзып жатқанын айтады. Алайда ауыр техниканың жоқтыған жұмыс жүрмей отырған сыңайлы.
Құлсарылықтардың айтуынша, Қайыржан Балжігітов жергілікті билікпен байланысы жақсы, үлкен көлемдегі жерге иелік етеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?