Атыраудағы Binom мектебінің оқушысы терезеден секіріп кетті

Қараша 11, 2024 - 15:35
Атыраудағы Binom мектебінің оқушысы терезеден секіріп кетті

Атырауда 12 жастағы оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлады «Ақ Жайық» басылы.

Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.

12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow