Теміртаудағы жарылыс: бір адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Екінші адам ауруханаға жеткізілді.

Ақпан 15, 2024 - 10:55
Ақпан 15, 2024 - 10:56
Теміртаудағы жарылыс: бір адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Теміртауда құлаған дүкеннің қирандылары арасынан әйелдің денесі шығарылды.

«Сағат 9:49-да үйінді астынан әйелдің денесі шығарылды. Болжам бойынша, әйел 1973 жылы туған. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады», - деп хабарлады құтқару қызметі.

Үйінді астынан шығарылған бірінші зардап шегуші қазір ауруханада есін жиды.

Бұған дейін Теміртау қаласында 2 қабатты дүкенде газ жарылғанын жазған едік.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow