«Екеуі де иномарка болғанда ешкім өлмес еді»: Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Тағы бір адам жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген.
10 наурызда сағат 01:40 шамасында Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысып қалды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Аtpress.kz-тің дерегінше, жол апаты салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы 1 жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Төрт бірдей адамның өмірін қиған бұл көлік апаты желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының айтуынша, қайтыс болған адамдардың барлығы да ресейлік «Лада Гранта» көлігінде отырған.
«Кеше Атырауда көпір үстінде авария болып 4 адам мерт болды.4-еуі де бір ауылдың адамдары.
«Инфинити» мен «Лада Гранта» соғысқан.
Өлген 4 адам да «грантаның» ішінде болған. Иномаркада болғандар дін аман.
Қашан да ресейлік авто мен «иномарка» бетпе-бет соғысса, ресейлік автода отырғандар түгелге жуық өледі.
Бұған кім кінәлі?..
Ресейлік «консерві» алған марқұмдар ма, адамға қорғанысы мықты шетелдік автоны қолдан қолжетімсіз қып отырған билік кінәлі ме?.. Сол «иномарка» грузиндерге, армяндарға, қырғыздарға қолжетімді де, қазақтың неге қолы жетпей, амалсыз реселік арзан «табыттарды» алуы керек?..
Кешегі аварияда екеуі де иномарка болғанда ешкім өлмес еді»,- деп жазған Ақан Серік есімді желі қолданушысы.
Сіздің реакцияңыз қандай?