Теміртауда сұмдық жарылыс болды
Үйінді астынан әйел адам шығарылды, тағы бір адам қиранды астында қалған.
Қарағандыда тағы да жарылыс. Нақты айтар болсақ, Теміртау қаласындағы дүкендердің бірінде газ жарылып, алдын ала жорамал бойынша бірнеше адам зардап шекті.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған. Жарылыс салдарынан екі қабатты дүкен түгі қалмай қирап қалған.
"Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті.
Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр.
Сағат 08.44-тегі жағдай бойынша үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның сөздерінен үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасып жатыр.
Сағат 09.08-дегі жағдай бойынша 40 ш.м. алаңда өрт оқшауланды", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сіздің реакцияңыз қандай?