Тарихи жеңіс: «Ордабасы»тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

Қазан 23, 2023 - 08:50
Тарихи жеңіс: «Ордабасы»тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 25-турында Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қарағандының «Шахтер» клубын жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

«Ордабасы» клубының ойыншылары Айбар Жақсылықов, Шахбоз Умаро мен Артем Беседин салған үш голдың есебінен команда «Шахтер» клубын үш те бір есебімен жеңді. «Шахтер» ойыншылары бұл жолғы кездесуде тек бір гол салып, жеңіліс тапты. 

Айта кетейік, «Ордабасы» командасы үшін бұл тарихи жеңіс, себебі, футбол клубы тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанып отыр. Кәсіби футбол клубы 1998 жылы Шымкентте құрылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow