Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовтің медальін тағып, көзге түсті

Жалғыз алтынды жақыннан көрдік.

Тамыз 15, 2024 - 17:39
Тамыз 15, 2024 - 17:40
Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовтің медальін тағып, көзге түсті
Фото: instagram.com/mukhamedzhantazabek

Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы, тәлімгер Мұхамеджан Тазабек Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті құттықтады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Ол өзінің жеке парақшасына чемпионның алтын алқасын мойнына тағып түскен фотосын жариялады. 

“Жалғыз алтынды жақыннан көрдік”, – деп жазды айтыскер.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келіде топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow